Олимпиада-2026: могулшы қыздар екінші іріктеу жарысында бақ сынайды
ЛИВИНЬО.KAZINFORM — Қазақстандық спортшылар Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан фристайл-могул жарысының алғашқы іріктеуінде өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышева, әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері Анатасия Городко мен Ту ұстаушы Аяулым Әмренова жарыс жолына шықты.
Қорытындысында, Анастасия Городко 70.98 ұпай жинап, 12-орыннан көрінді. Ал Юлия Галышева 14-орын (69.60 ұпай), Аяулым Әмренова 20-орын (63.50 ұпай) еншіледі.
Ережеге сәйкес, іріктеу кезеңінде ТОП-10 спортшы тікелей финалға өтеді. Сол себепті отандастарымыз екінші іріктеуде финалдың тағы 10 жолдамасы үшін бақ сынайды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Павел Колмаков ерлер арасында фристайл-млгулдан қысқы Олимпиаданың финалына жолдама алды.