Олимпиада-2026: Надежда Морозова 6-орын алды
МИЛАН. KAZINFORM — 7 ақпан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіру жарыстары басталды.
Әйелдер арасында конькимен 3 000 метрге жүгіру бәсекесінде Надежда Морозова мен Елизавета Голубева бақ сынады.
Жарыс жолына бесінші болып шыққан Елизавета Голубева 4 минут 03.30 секунд нәтиже көрсетіп, 10-орыннан көрінді. Ал Надежда Морозова 4 минут 01.20 секунд нәтижемен 6-орынды қанағат тұтты.
Франческа Лоллобриджида мәреге жетуге небәрі 3 минут 54.28 секунд жұмсап, Италия құрамасының қоржынына осы Олимпиада ойындарындағы алғашқы алтын жүлдесін сыйлады.
Норвегиялық Райне Виклунд (3:56.54) және канадалық Валери Мальте (3:56.93) алдыңғы үштікті түйіндеді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина шаңғы спортынан жарыс жолына шықты.