Олимпиада чемпиондары Болттың жарақаттануына ӘЧ ұйымдастырушыларын айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлеттер, олимпиада чемпиондары Омар Маклеод және Йохан Блейк, сондай-ақ, олардың әріптесі Джулиан Форте жеңіл атлетикадан Лондонда өткен әлем чемпионаты барысындағы Усэйн Болт жарақатының жауапкершілігін жарыс ұйымдастырушыларына жүктеді.

Олимпиада чемпиондары Болттың жарақаттануына ӘЧ ұйымдастырушыларын айыптады

Маклеод Mirror басылымына Болттың жүгіру жолына шыққанша тоңып қалғандықтан жарақат алғандығын мәлім еткен.   

Кідіріс бірден үш басқа спортшыларды марапаттау шарасын өткізгендіктен туған. Маклеодтың айтуынша, Болтқа үнемі бой жазып, денесін қыздырып тұруына тура келген. Және оның өзі де бұл жағдайдың қалыптан тыс келеңсіздік екендігін айтқан.

Бұған дейін хабарланғандай , Лондондағы жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында аты аңызға айналған ямайкалық спринтер Усэйн Болт 4х100 эстафетасында жарақат алды. Болт мәреге жетер алдында аяғы ақсаңдап, жүгіру жолына құлап түскен.

Айта кетейік, бұған дейін сегіз дүркін олимпиада чемпионы Усэйн Болт 2017 жылғы әлем чемпионаты оның спорттық мансабындағы соңғы турнир болатындығын мәлім еткен болатын. 

Фото: ©REUTERS/Lucy Nicholson