Олимпиада чемпиондарының қатысуымен жаңа жылға арналған қайырымдылық шара өтті - Қарағанды (ФОТО)

«Үш жылдан бері біз балаларға арналған таңертеңгілік өткізіп келеміз, жыл сайын мереке ауқымы кеңейіп келеді. Олимпиада чемпиондары да мұндай шараларға қуана келісті. Біздің келешегіміз - балалар. Бұл балалар бүгін чемпиондарды көріп, олармен араласады, алдына мақсат қояды», - деді ҚР Ауыр атлетика федерациясының вицер-президенті Омар Мұстафин.
Ұйымдастырушылардың деректеріне сүйенсек, үш күнде алты шырша кеші өтті, оған балалар үйі мен мамандандырылған интернаттар тәрбиеленушілерінен мыңдаған бала қатысты. Кеш қатысушыларын ертегі кейіпкерлері түрлі қойылымдарымен қуантты. Балалар сыйлықтар алды. Бұдан басқа, Ауыр атлетика федерациясы балалар шақыртылған әр мекемеге сыйлықтар тарту етті. «Біз, спортшылар, осындай мерекелерге қатысуға әрдайым дайынбыз. Балалар қалай қуанып қарсы алғанын көріп тұрмыз, керемет сезімде тұрмын. Балалардың өмірлік бағытын дұрыс таңдауына үлгі бола білуіміз қажет. Бала кезімізде біз де мықтыларға еліктеп өстік, оларды көрген кезде ерекше сезімге бөлендік. Біз де балалармен бірге осылай Аяз атаның ерекше тосын сыйын тағатсыздана күткен болатынбыз», - деп атап өтті С. Сәпиев. -Мерекеден балалық шаққа бір саяхат жасап қайтқандай әсер алдым. Көңіл-күйіміз тамаша. Бұл жаңа жыл кеші шабыт, қуаныш сыйлайды десем болады, - деді С. Подобедова.