Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өз таңдауын жасады

ТАРАЗ – KAZINFORM. Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов Тараз қаласындағы N82 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өз таңдауын жасады
Фото: Оралхан Дәуіт

Өз таңдауын жасаған спортшы Елдос Сметов науқан туралы пікірімен бөлісті.  

– Барлығы Қазақстанның болашағы үшін дауыс беруде. Осы орайда отандастарымды референдумнан тыс қалмауға шақырамын. Мен де қарапайым қазақтың бірімін. Сондықтан өз таңдауымды жасадым. Әр қазақтың баласы елдің болашағына бей-жай қарамай, таңдауын жасауы керек деп ойлаймын, - деді танымал дзюдошы. 

Елдос Сметов
Фото: Оралхан Дәуіт
дауыс берді
Фото: Оралхан Дәуіт

Айта кетейік, Жамбыл облысында референдумға қатысуға тиіс жалпы сайлаушы саны – 716 680.

Облыстық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, өңірде 508 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ референдумға аккредиттелген республикалық 13 қоғамдық бірлестік және жергілікті 4 қоғамдық бірлестіктен байқаушылар қатысуда.

Бұдан бөлек, тіркеуде жоқ азаматтарды референдум учаскелерінің мекенжайларына тіркеу сервисі Тараз қаласының – 5 учаскесінде (№9, 28, 82, 496, 505) жұмыс істеп жатыр. Аталған учаскелер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. 

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметовтің Олимпиададағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылағанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар