Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Almaty Arena спорт кешенінде XXV қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері мен қатысушыларын құрметтеуге арналған салтанатты кеш өтті.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды
Фото: Алматы әкімдігі

Жанкүйерлер, спорт ардагерлері, белгілі бапкерлер мен қала тұрғындары Олимпиадада ел намысын қорғаған спортшыларды ерекше ықыласпен қарсы алды. Әсіресе, мәнерлеп сырғанаудан тарихи жетістікке қол жеткізіп, Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды
Фото: Алматы әкімдігі

Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтерге сертификат, жаңа автокөліктің кілті және ақшалай сыйақы берілді.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды
Фото: Алматы әкімдігі

— Бұл мен үшін соңғы меже емес, алда үлкен жоспарлар бар. Менің жетістігім жас спортшыларға шабыт беріп, жаңа биіктерді бағындыруға серпін болады деп сенемін, — деді Михаил Шайдоров.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды
Фото: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ спортшының бапкері Айгүл Қуанышеваға 5 миллион теңге көлемінде сертификат, ал ұлттық құраманың бас бапкері әрі чемпионның жеке жаттықтырушысы Әсел Қасановаға бір бөлмелі пәтерге сертификат пен ақшалай сыйақы табысталды.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты туған қаласы қалай қарсы алды
Фото: Алматы әкімдігі

Олимпиадаға қатысқан өзге спортшылар мен олардың бапкерлеріне де 2 миллионнан 5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар берілді.

Еске салайық, Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан отандасымыз Михаил Шайдоров алтын жүлдені жеңіп алды.

Спортшы 25 ақпанда Астанаға ұшып келді.

Кейін Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ал бүгін, 28 ақпанда түнде ол туған қаласы — Алматыға оралды.

Қала тұрғынлары оны зор қошеметпен қарсы алды. Олардың арасында қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ спортшының отбасы мен достары болды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум