12:55, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Олимпиада чемпионы мен оралдық модельер Оралда киім үлгілері көрмесін өткізбек
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бейжің олимпиадасының чемпионы Илья Ильин мен оралдық белгілі модельер Ақкенже Девятко Оралда «Илья Ильиннен» атты ерлер киім үлгілері көрмесін өткізеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Девятконың сөзіне қарағанда, аталмыш шара ақпанның 28-інде қаладағы «Вулкан» түнгі клубында болмақ. Бұл жобаның авторы ? Илья Ильин. Көрме ақпанның 28-інен кейін де әр сенбі сайын тұрақты ұйымдастырылып тұрмақшы.
Көрмеден түскен табыстың белгілі бір мөлшері қайырымдылық мақсатына жұмсалады. Атап айтқанда, көмекке өте мұқтаж, шұғыл емделуге тиісті балаларға жәрдем берілмек.