Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Өскемендегі әскери бөлімде болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Лондон Олимпиадасының чемпионы капитан Ольга Рыпакова Өскемендегі 27943 әскери бөлімінде болды.
None
None

Бөлім клубында ел мақтанышына айналған чемпион қыз бригада жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

«Маған бөлім жеке құрамымен, оның ішінде мерзімді қызметтің сарбаздарымен кездесу тамаша әсер етті. Әскери қызметшілердің бәрі спортпен шұғылданып, әртүрлі турнирлер мен жарыстарға қатысып тұруы керек», - дейді Олимпиада чемпионы.

Ольга Рыпакова кездесу барысында өзінің алдағы жоспарларын бөлісті. Қазір чемпион қыз Өскемен қаласында 2015 жылы жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтетін Әлем чемпионатына және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода болатын Олимпиадалық ойындарға дайындалып жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында бөлім басшылығы атыс қаруынан ату шараларын ұйымдастырды. Бұл жолы да Олимпиада чемпионы Макаров тапаншасынан үш оқпен атып, 25 ұпай жинап, шебер-класс көрсетті.

Бұл туралы ол: «Мен атыс қаруынан бірінші рет атып тұрмын. Осындай нәтиже көрсетемін деп ойлаған жоқпын. Мүмкін Олимпиадалық сабырлылық көмектескен шығар» дейді. Сонымен қатар, спортшы қару-жарақ және әскери техника үлгілерімен танысып, Жауынгерлік даңқ мұражайында болды

Соңғы жаңалықтар