Олимпиада: Қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалға шықты

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-трекші үш жігітіміз ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта Қазақстаннан Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша сынға түсіп, үшеуі де алғашқы іріктеу сынынан сүрінбей өтті. Енді олар алдағы күндері жартылай финалға шығу үшін сынға түсетін болады.

Отандастарымыз арасынан бірінші болып мұз айдынға шыққан Денис Никиша аталған қашықтықты 41.436 с. уақытта бағындырса, Нұрберген Жұмағазиев 40.748 с. уақытта, ал  Абзал Әжғалиев 43.388 с. уақытта мәре сызығын кесіп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін шорт-тректен әйелдер арасында 1000 метрлік іріктеу сынында отандастарымыз арасынан Анастасия Крестова мен Ким Йонг бақ сынап, олар алғашқы іріктеу сынынан өтпей қалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram