Олимпиада ойындары кезінде құлаған америкалық спортшыға операция жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық тау шаңғы спортшысы Линдси Воннға жексенбі күні Италия ауруханасында ота жасалды. Ол Милан-Кортинадағы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыста құлап, ауыр жарақаттанған болатын, деп хабарлайды ANEWZ.

Олимпиада ойындары кезінде құлаған америкалық спортшыға операция жасалды
Фото: Sportbox

41 жастағы шаңғышыны Олимпия делле Тофане тау шаңғысы баурайынан тікұшақпен Солтүстік Тревизо қаласындағы Ка’Фончелло ауруханасына алып келді.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, оның сынған аяғына ортопедиялық операция жасалған. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, спортшы жансақтау бөлімінде жатыр.

Тікұшақтағы құтқару тобының мүшелері эвакуацияны техникалық жағынан күрделі, бірақ сәтті жасалған операция деп сипаттады.

Осыған дейін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары екінші жарыс күнін қортындылағаны туралы жаздық. Әзірге Норвегия жалпы есепте алға шықты.

Соңғы жаңалықтар