Олимпиада ойындары–2028: Қатарда нысана көздеуден лицензиялық әлем чемпионаты басталды

АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА. KAZINFORM — Қатар астанасы Доха қаласында нысана көздеу мен стенд атудан ISSF әлем чемпионаты басталды.

көздеу
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Байрақты бәсеке 14 қарашаға дейін жалғасады.

Аталған әлем чемпионаты Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестірілетін алғашқы іріктеу кезеңі саналады.

Жарыс барысында 12 жекелей сындағы дисциплина бойынша жалпы саны 36 олимпиадалық лицензия сарапқа салынады. Әр дисциплинада үш жолдама беріледі.

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 3 қарашада отандастарымыз әлем чемпионатындағы жүлделер үшін күресті бастайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер мен ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен ату сайысының финалдары өтеді.

Алексей Чуркин әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалғанын жазған едік.