Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 8 балуан сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM –  Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетінін жариялады, деп жазады Olympic.kz. 

балуан
Фото: olympic.kz

Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады.

Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ. Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.

Айта кетелік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінің өкілдері.

Бұған дейін балуан Мейрамбек Қартбай сұхбат беріп, Олимпиадаға барар алдында Алматыда жаттығу өткізетінін айтқан еді.