Олимпиада жүлдегері Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM –  Нысана көздеуден аралас жұптық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан халықтың турнирде ел рекордын тіркеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Нысана көздеу
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады. Осы тұста Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жинағанын айта кетейін (632 балл).

Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай). Безрукова бұл нәтижені биыл наурызда Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандық қос балуан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресетінін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар