Олимпиада жүлдегері Софья Берульцева Азия ойындарының финалына шықты

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Софья Берульцева финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

каратэ
Фото: Sports.kz

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы С.Берульцева 68 келіден жоғары салмақта барлық кездесуін сәтті өткізді.

Софья Берульцева жартылай финалда тартысты бәсекеде филиппиндік Арианна Изабель Бритоны 1:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық каратэші финалда непалдық Арика Гурунгпен алтын үшін сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын каратэші Данияр Юлдашевтің Азия ойындарының алтыны үшін таласатынын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар