08:55, 02 Қазан 2012 | GMT +5
Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров сыйға пәтер алды
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Таразда Мемлекеттік және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың жүз жылдығына арналып өткен

ересектер арасындағы еркін күрестен халықаралық турнир барысында Жамбыл облыстық күрес федерациясының президенті Әлімбек Жұмабаев Лондондағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровқа үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясына сілтеме жасап Vesti.kz хабарлады.
«Мен өте қуаныштымын. Маған тіпті, тұрғым келетін ауданды қалауымша таңдауға мүмкіндік берілді. Пәтер жайлы, өте кең. Үлкен ризашылығымды білдіремін! Сондай-ақ біздің қалада ауқымды турнир өткендігін атап өткім келеді. Келесі жылы көптеген құрамалар ең мықты құрамдарын алып келетіндігін уәде етті. Оған өзім де қатысатындығымды жоққа шығармаймын», - деп атап өтті Ақжүрек Таңатаров.