Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жарыстарға қайта оралды

Жарыстардың басталуы 9:00-де, деп хабарлады Федерацияның сайтына сілтеме жасап Vesti.kz.
Онымен бір мезгілде күрестің барлық үш түрі бойынша - еркін, грек-рим және әйелдер арасындағы жарыстар өтеді. Ұлттық командалардың тәлімгерлері Таңат Сағындықов, Руслан Өмірәлиев, Гюзель Манюрова турнирге елдің ең мықты спортшыларын қатыстыруда.
Боз кілемде жастар арасындағы әлем чемпионы Артур Үмбетқалиевті, халықаралық турнирлердің жүлдегері Жансерік Сәрсенбиевті, Қазақстан чемпионы және өткен жылғы ел Кубогының жеңімпазы Ербол Киікбаевты, Азия чемпионатының жүлдегері және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Эльдар Қайратовты, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері Досжан Қартықовты, Мақсат Ережеповты және Әсет Әділовты көретін боламыз.
Еркін стильдегі мықты деген күресшілеріміз өздерінің салмақтық дәрежелерін ауыстырды. Мәселен, әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Ниязбеков - 60 келі, әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Дәурен Жұмағазиев - 66 келі, Лондондағы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері Ақжүрек Таңатаров 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін болады. Сондай-ақ чемпионаттың боз кілеміне ересектер командасында спорттық мансаптарын бастап жатқан жастар құрамасының өкілдері де шығады.
Әлем кубогындағы сәтсіз нәтижеден кейін әйелдер құрамасында өзгерістер болады: барлық салмақ дәрежесінде үздіктер анықталуы тиіс.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 18-22 сәуір аралығында Нью-Делиде (Үндістан) өтетін Азия чемпионатына баратын құрамды анықтауға мүмкіндік береді.