Олимпиада жүлдегері ауылдық оқушылар арасындағы шаңғы жарысын бастап берді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының Май ауданындағы Көктөбе ауылында шаңғыдан додалы жарыс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқушылар үшін бұл жарыс ерекше болды - олардың жарысын 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Людмила Прокашева бастап берді. Атақты конькиші ауданда балалардың спортпен айналысуына жасалған жағдаймен танысты. Жүздеген жас спортпен айналысатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, жақында салынып біткен хоккей корты мен мектеп спортзалдарын аралаған Л. Прокашева, балаларды спорттың жазғы және қысқы түрлеріне баулу үшін жасалып отырған базаға жоғары баға берді. Л. Прокашева жас спортшыларға өзінің спорттық мансабы туралы әңгімеледі, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін не істеу керектігі туралы балалардың сауалдарына жауап берді.
Соңғы жаңалықтар