Олимпиада жүлдегерлері мектеп оқушыларына сабақ берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «Дене шынықтыру» әлеуметтік жобасы жалғасын табуда. Қостанай қаласындағы №1 мектеп оқушыларына Иван Дычкомен өткен сабақтың ұнап қалғаны соншалықты, ұйымдастырушылар осындай кездесулерді өзге мектептерде де ұйымдастыру қажет деп шешкен. Енді олар оқушылармен кездесуге Олимпиада жүлдегері Василий Левитті шақырмақшы.
None
None

«Астана» президенттік клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олимпиада жүлдегері 8-9 қараша күндері Қостанайдағы №2 орта мектеп пен Федоровка ауылындағы №1 Дмитров атындағы мектепте екі кездесу өткізген.

Федоров мектебінің директоры танымал боксшының анасы. Әдеттегідей белгілі спортшыны қолдауға «Астана» президенттік клубының спорт менеджері Юрий Мельниченко да келді.

Жоспардан тыс сабақтар оқушылар үшін күтпеген қуаныш болды. Олар спортшыларды ерекше ілтипатпен қарсы алып, қаншалықты мерекелік көңіл-күйде болғандарына қарамастан, Олимпиада жүлдегерлерінің айтқандарын мүлтіксіз орындауға тырысты. Екі мектепте де сабақтар 7-ші сынып оқушылары арасында өтті.

«Біз Олимпиада жүлдегерлерімен бірге жаттығу жасау мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз. Мұндай жағдай бізде бірінші рет болып тұр. Біз Василий Левит пен Юрий Мельноченконы көргенімізге дән ризамыз. Олар бізге көптеген жаттығуларды көрсетті. Олардың барлығы да бізге болашақта мықты болып өсуге көмегін тигізетініне сенімдіміз»,-деді оқушылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар