Олимпиадаға іріктеу турнирі: Сәкен Бибосынов алғашқы айқасын жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

52 келі салмақта Олимпиада жолдамасына таласып жатқан Бибосынов бірінші жекпе-жегінде қырғызстандық қарсыласынан айласын асырды.

Енді, санаулы минуттардан кейін ерлер арасында Серік Теміржанов (57 келі) шаршы алаңға шығады.

Осылайша Ғалымбек Кенжебаев баптайтын ұлттық құрама боксшылары әзірге жеңіліссіз келе жатыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ерлер арасынан шаршы алаңға бірінші болып шыққан 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин, екінші рет шаршы алаңға көтерілген 81 келі салмақтағы Бекзат Нұрдәулетов және қазақстандықтар сапынан ерлер арасында үшінші болып айқасын өткізген 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл, 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов та алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастағаны туралы жазған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар