Олимпиадаға іріктеу турнирінде Назым Қызайбай 1/8 финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Назым Қызайбай (50 келі) 1/8 финалға шықты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 1/16 финалда Оңтүстік Кореядан келген Джухюнг Джунгты жеңді. Есеп — 5:0.

Енді ел құрамасынан бүгін, 31 мамырда Мұхаммедсабыр ¼ финалда кубалық Эрисланди Альвареспен қолғап түйістіреді.
Ал Валентина Хальзованың 1 маусымдағы 1/8 финалдағы қарсыласы — моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатар.
Үш салмақ дәрежесінде де жартылай финалға шыққан спортшылар Олимпиада жолдамасына ие болады.
Сондай-ақ 63.5 келіде жартылай финалда жеңілген боксшылар арасында қосымша бір лицензия сарапқа салынады.
Айта кетсек, еліміздің ерлер құрамасында Олимпиадаға Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жолдама алып қойды.
Әйелдер құрамасында Карина Ибрагимова (57 келі) Париж Олимпиадасына жолдама алған еді.
Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.