Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жолдама алуға әлі де мүмкіндігі бар

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) кубалық Эрисланди Альвареске есе жіберді.

 Олимпиадаға іріктеу турнирінде жеңілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жолдама алуға  әлі де мүмкіндігі бар
Фото: Бокс федерациясы

Ширек финалда қарсыласы 2:3 есебімен басым түсті. Дегенмен жолдамадан әлі де үміт бар. Бұл салмақ дәрежесінде 5 лицензия қарастырылған. 1/4 финалда жеңілген боксшылар өзара бір жолдаманы сарапқа салады. Енді Базарбайұлы тағы екі жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.

Айта кетсек, бүгін Назым Қызайбай (50 келі) Оңтүстік Кореядан келген Джухюнг Джунгты жеңіп, 1/8 финалға шықты.

Енді ел құрамасынан Валентина Хальзованың 1 маусымдағы 1/8 финалдағы қарсыласы — моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатар.

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.

Соңғы жаңалықтар