Олимпиадалық іріктеу: Хоккейші Никита Михайлистің үш голы Қазақстанға жеңіс сыйлады
АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын Венгрияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 15-минутында Никита Михайлис есеп ашса, оған 22-минутта венгриялық Доман Сонгот бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде қазақстандық Дмитрий Бреус 31, Максим Мухаметов 34-минутта екі гол соқса, венгриялық Иштван Шофрон 35-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Қазақстандық Никита Михайлис 48, 53-минутта тағы екі мәрте қақпаны дәл көздеді.
Нәтижесінде қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер D тобында Словакия, Австрия және Венгриямен дүбірлі додаға берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Енді ел құрамасы 30 тамызда 17:00-де Австриямен,
1 қыркүйекте 21:00-де Словакиямен кездеседі.
Қазақстандық хоккейшілер бұған дейін Қысқы Олимпиадада 1998, 2006 жылдары бақ сынауға мүмкіндік алды.