Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Словакияның Пьештяни қаласында әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы Словениядан басым түсті. 

Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Фото: icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер D тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Словакия, Словения және Исландия.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Словения - Қазақстан 0:3 (0:0, 0:2, 0:1)

0:1 - Мунира Саяхатқызы (Анастасия Оразбаева) - 29:32

0:2 - Пернеш Әшімова (Лариса Свиридова) - 32:55

0:3 - Мадина Тұрсынова (Дария Молдабай) - 59:35.

Қазақстандық қыздар бұған дейін Словакиядан 1:8 есебімен жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасы 15 желтоқсанда Исландиямен сынға түседі.

Бұл топтан тек бір ғана жеңімпаз Олимпиаданың келесі іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Полина Говтва («Торпедо», Өскемен), Арина Щеколова («Томирис», Астана)

Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай («Томирис», Астана), Катрин Мескини, Полина Яковлева («Торпедо», Өскемен), Анна Пяткова, Ажар Хамимульдинова («Айсұлу», Алматы)

Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева, Лариса Свиридова, Мадина Турсынова, («Айсулу», Алматы), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай («Томирис», Астана), София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы («Торпедо», Өскемен).

Соңғы жаңалықтар