Олимпиадашы Дәулет Тұрлыханов Қалбатау ауылына спорт кешенін сыйға тартты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыханов өзінің туған жеріне сый ретінде спорт кешенін салып берді.
None
None

Спорт кешенінің ашылу салтанаты Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылында өтті. Оған Дәулет Тұрлыханов, оның жақын досы палуан Александр Карелин және Новосібір облысынан келген делегация қатысты. Жалпы ауылдағы спорт кешенінің ашылу салтанатында 5 олимпиада чемпионы - Александр Карелин, Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев, Ермахан Ибраимов және Ольга Рыпакова болды. Спорт кешені 1000 орынға шақталған. 3 спорттық залы - бокс залы, ауыр атлетика және күреске арналған әмбебап зал бар. Көрермендік трибуналарға шамамен 450 жанкүйерлер сыяды. Ашылу салтанатында айтылғандай, спортшы бұл сыйлығын жерлестеріне «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тарту еткен. Шара Шығыс Қазақстан аумағында бесінші жыл қатарынан өтуде. Осы жылдар бойы Д.Тұрлыханов туған жеріндегі спорттық шаралардың белсенді қолдаушысы болды. Спорт кешенінің ашылу салтанатынан кейін жасөспірімдерден құралған РФ Новосібір облысының құрамасы және ШҚО командасы грек-рим күресінен бақ сынасты.

Соңғы жаңалықтар