Olx.kz арқылы жүргізуші куәлігін жасатпақ болған 5 адам алданып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда полицейлері Olx.kz арқылы жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Olx.kz  арқылы жүргізуші куәлігін жасатпақ болған 5 адам алданып қалды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша аталмыш сайт арқылы ол бірнеше адамның сеніміне кіріп ақшасын жымқырған.

«Елорда тұрғыны 5 адамның сеніміне кіріп, олардың 356 мың теңге ақшасын иемденген. Ол Olx.kz сайтында жүргізуші куәліктерін жасау туралы хабарландыру жариялап, «Qiwi-әмиянға» ақша түскеннен кейін қоңырауларға жауап бермеген», - деді ол министрліктің баспасөз мәслихатында.

Қазір ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.