Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Алматы қаласының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановты ұсыну туралы хаты оқылды.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 32 депутаттың 23-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді. Бейбіт Шахановтың кандидатурасын 9 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

Қала активімен кездесуде Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ерболат Досаевқа қаланың қаржы-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

2024 жылы қаланың Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 21,8%-ға дейін өсті. Мегаполисте Президенттің тапсырмасы бойынша бюджетті орталықсыздандыру, абаттандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салу және т. б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны таныстырды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Алматы әкімдігінің алдына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті.

Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды
Фото: Үкімет

Сондай-ақ, жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді.

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетті.

Соңғы жаңалықтар