Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне және үкімет басшыларының/ТМҰ мемлекеттерінің вице-президентінің кездесуіне қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

 Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: Үкімет

Қырғыз Республикасының Президентімен ұжымдық кездесу барысында өңірлік интеграцияны, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану және тағы да басқа мәселелерге назар аударылды.

ТМҰ елдерінің үкімет басшылары мен вице-президентінің кездесуіне Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысты.

 Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: Үкімет

 

Қатысушылар экономика, сауда, инвестициялар, көлік, цифрландыру, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты. Ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тетіктерді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде Мемлекеттер басшыларының сындарлы саясаты Ұйымның стратегиялық негізін қалауға бағытталған маңызды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біздің ұйым аз ғана уақыт ішінде беделді құрылымға айналып, әлемдік мәртебесі артты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Түркі мемлекеттерінің ұйымы қысқа уақыт ішінде беделді құрылымға айналды және өзінің әлем алдындағы мәртебесін көтерді. Бүгінгі кездесу нәтижелері түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық және серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін беріп, халықтарымыздың мүддесіне қызмет етеді деп сенемін, - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: Үкімет

Жиында Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы, Түркі инвестициялық қоры, Үйлестіру комитеті, «Жасыл» қаржы жөніндегі кеңес және тағы да басқа осы сияқты институттардың қызметін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.

 Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: Үкімет

Көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға, кедендік рәсімдерді цифрландыру қарқынын жеделдетуге және порттар мен темір жолдарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының инфрақұрылымын жаңғыртуға баса назар аударылды.

 Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: Үкімет

Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы өзара іс-қимылдың, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және тағы да басқалары бойынша бірлескен зерттеу орталықтарын құру жайы сөз болды.

Айта кетейік, Олжас Бектенов жылыту маусымына дайын емес өңір әкімдеріне ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар