Олжас Бектенов дәрі-дәрмек айналымын ЖИ арқылы реттеуді тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мүдделі министрліктерге дәрі-дәрмек айналымын ЖИ арқылы реттейтін жүйе қалыптастыруды тапсырды. 

Олжас Бектенов дәрі-дәрмек айналымын ЖИ арқылы реттеуді тапсырды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

— Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдасын, — деді ол.

Үкімет басшысы бұл істе жасанды интеллектінің мүмкіндігі мол екенін еске салды.

— Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, жоспарлау, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды жазып беру және сатып алу рәсімдерінде жасанды интеллектіні енгізу шараларын жүзеге асыруға тиіс, — деді Премьер-министр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр.

Соңғы жаңалықтар