Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM —  Олжас Бектенов ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

«Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті», - делінген хабарламада.

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Ядролық физиканы дамыту жөніндегі кеңес құрылғанын жазған болатынбыз. Тиісті құжатқа Премьер-Министр 27 қыркүйекте қол қойды.

Соңғы жаңалықтар