Олжас Бектенов Қырғызстанға ресми сапармен келді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғыз Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі Қырғызстан Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олжас Бектеновті Манас халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Қасымалиев қарсы алды.
Ресми сапар барысында үкімет басшылары келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қасымалиев Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екінші өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады және қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің он төртінші отырысына төрағалық етеді.
Еске сала кетейік, қыркүйекте Қырғызстанда Қазақстан медицинасы күндері өткен болатын.
Қазақстан мен Қырғызстан фитосанитариялық қауіпсіздік бойынша меморандумға қол қойды.