Олжас Бектенов: Мұнай өндірісінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ 4%-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде жалпы ішкі өнімнің мұнайдан тыс салалар есебінен де өсіп жатқанын айтты.

Увеличить долю местного содержания в закупках поручил Олжас Бектенов
Фото: Ағыибай Аяпбергенов / Kazinform

«Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті. Жалпы ішкі өнім мұнайдан тыс салалар есебінен де өсіп жатыр. Айтар болсақ, экономика ауыл шаруашылығы есебінен 11,4%-ға, көлік, сауда есебінен 6%-дан аса және құрылыс есебінен 10%-ға артты. Осылайша, жалпы экономиканың өсуі ЖІӨ-нің артуына қолдау көрсетіп отыр. Әрине, бұл жеткіліксіз, түсініп отырмыз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін арттыру керек», - деді Олжас Бектенов Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында. 

Бұған дейін Олжас Бектенов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы ұлттық жобаның дайын болып қалғанын айтты. Оның айтуынша, аталған салаға 2029-2030 жылдары шамамен 10 трлн теңге инвестиция тартылмақ. 

Сондай-ақ, Премьер-министр әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025-2029 жылдарға арналған болжамға сәйкес жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жыл сайынғы өсуі орта есеппен 5,4% деңгейінде жоспарланған

Соңғы жаңалықтар