Олжас Бектенов пен Болгария Президенті сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге алғашқы ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радев екі мемлекет басшыларының келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олжас Бектенов пен Болгария Президенті Румен Радев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: Үкімет

Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді толық іске асыруға ниетті екенін атап өтті.

Жиында сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастыққа назар аударылды.
Атап айтқанда, қазақстандық органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейту, оны қайта өңдеу және экспорттау, химия, қосылған құны жоғары тауарлар бойынша бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктері қаралды.

Ынтымақтастықты одан әрі арттырудың негізгі платформаларының бірі ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты – «Орта дәлізді» дамыту мәселесі атап өтілді.

Сонымен қатар екі елдің бизнес-топтарының ақпараттық технологиялар, фармацевтика, туризм, сондай-ақ жалпы тәжірибе алмасу саласындағы инвестициялық өзара іс-қимылын дамыту перспективалары талқыланды.

Болгария Қазақстанның Еуропалық Одақтағы ең ірі 15 сауда серіктесінің қатарына кіреді. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы $375 млн-ға дейін артты. Қазіргі уақытта жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жалпы құны $117 млн-нан асатын бірлескен жобалар пысықталып жатыр. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Соңғы жаңалықтар