Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған

АСТАНА. KAZINFORM – Digital Bridge: Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамаларға марапаттарын табыс етті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Bridge: Generative Nation халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, Digital Bridge Awards сыйлығының лауреаттарына марапаттар табыс етті және цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты.

Олжас Бектенов жасанды интеллектіні цифрландыру және енгізу Қазақстан Президенті айқындап берген ел дамуының басым бағыты екенін атап өтті.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударып, Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде нағыз цифрлық елге айналдыру туралы міндет қойды. Біздің азаматтарымыздың әлеуеті шексіз және серпінді жобаларды жасап шығаруға мүмкіндіктері жеткілікті. Өз кезегінде біз оларға жан-жақты қолдау көрсетуіміз керек. Көздеген мақсатқа жетуде бизнес, ғылыми орта және мемлекеттік құрылымдар болсын, әрбір тарап маңызды рөл атқарады, — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Бүгінде Қазақстан «электрондық үкіметті» дамыту бойынша әлемде 24-ші, онлайн қызметтер бойынша 10-шы орында тұр.

Үкімет жасанды интеллект және IT-мамандарына қолайлы жағдайдың барлығын жасау үшін қарқынды жұмыс жүргізуде екенін атап өтті. Қазіргі таңда экожүйенің инфрақұрылымы үздіксіз кеңеюде. Білім беру ресурстары барлық азаматтарға қолжетімді. Бүгінде 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағдарламалары іске қосылған. Шамамен 500 мың адам жасанды интеллект негіздерін, оның ішінде AI Qyzmet, AI Sana, Tomorrow school, QazCoders сияқты бағдарламалар бойынша білім алуда.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Соның ішінде Alem.ai-дың ашылуы инфрақұрыЛымды нығайтуда маңызды қадам болды. Ол — орталық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, озық шешімдерді енгізу және стартаптарды дамыту үшін құрылған бірыңғай цифрлық кластердің негізгі платформасы. Astana Hub та — креативті индустрияларды дамытудағы маңызды құралдардың бірі. Венчурлық инвестициялар қоры түріндегі акселератордың арқасында стартаптар ауқымды қаржыландыруға қол жеткізіп, жаһандық нарыққа шыға алады.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Осы жылдың соңына дейін IT-қызметтер экспортының көлемін $1 миллиард долларға жеткізуді мақсат еткен стратегиялық жоспар жүзеге асуда. Қазақстан нарығына қазірдің өзінде Playrix, Mytona, NetCracker сияқты әлемдік технологиялық алпауыт компаниялар кіріп отыр. Бұл бизнес пен инвесторлардың тарапынан тұрақты серікстес ретінде Қазақстанға деген сенімнің нығайып жатқанын көрсетеді.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

— Жуырда құрылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басты міндеті — келесі технологиялық серпіліске қол жеткізуді қамтамасыз ету. Осы мақсатта құқықтық базаны жетілдіріп, жасанды интеллект және IT-мамандарын қолдау шараларын кеңейтіледі. Ұлттық білім беру платформасын әзірлеу және Жасанды интеллект саласындағы зерттеу университетін құру жөніндегі Президент бастамалары болашақ нарыққа білікті кадрларды даярлауға айтарлықтай серпін береді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Премьер-министр Қазақстан Үкіметі қуатты экономика құру мақсатында еліміз үшін маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысқа толықтай ашық екенін атап өтті. Форумның нәтижесінде 30-дан астам маңызды меморандумға қол қойылып, өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарына қол жеткізілді. Үкімет жанынан құрылған Цифрлық штаб мемлекеттік органдардың толық цифрлық трансформациясын жүзеге асыру, бизнестегі туындайтын мәселелерді жедел шешу және нарықтың барлық қатысушылары үшін артық кедергілерді жою бағытында жұмыс істейді. 

Одан бөлек Digital Bridge Awards байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Олжас Бектенов үздік отандық IT-жобалар мен цифрлық бастамаларға марапаттар табыс етті.

Digital Bridge Awards
Фото: Үкімет

Digital Bridge Awards 2025 премиясының номинациялар бойынша лауреаттары болып келесі үміткерлер танылды:

▫️ Export Excellence — Роман Линейцев (Grand Mobile). Ол GTA рухын мобильді құрылғыға көшіріп әкелген, өзінің ашық әлемі бар, көп рет пайдалануға болатын рөлдік ойын жасап шығарды. Онда пайдаланушылар өзара әрекеттесіп, мансап қуып, өз экономикасын құра алады. Мобильді ойын әлем бойынша 60 млн реттен астам көшірілген.

▫️AI Solution of the Year — Александр Машрабов (Higgsfield AI). Мәтін түрінде сұрау салу бойынша бейне және анимация жасауға арналған жасанды интеллектіге негізделген платформаның негізін қалаушы. Ол Google Next нұсқасы бойынша әлемнің үздік 25 стартапының қатарына енді.

▫️EdTech of the Year — Жанәділ Талдыбаев (CodiPlay). Ол бағдарламалау және инженерлік ойлауға оқытатын мектептер үшін білім беру экожүйесін құрды. Стартап 13 елдегі миллионнан астам оқушыны қамтиды.

▫️GovTech Innovation — Байжан Қанафин (Documentolog Global Limited). Ол мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру үшін цифрлық шешімдер әзірлеп шығарды, онда электронды түрдегі нормативтер шығару және интеллектуалды іздеу жүйелері де бар.

▫️Tech Media Excellence — Виталий Волянюк (digitalbusiness.kz). Технологиялар мен стартаптар туралы ірі қазақстандық медианың негізін қалаушы. Оны ай сайын 200 мыңнан астам бірегей пайдаланушы оқиды.

▫️ Social Impact Project — Дәурен Төлебаев (7Generation / KazDream IT Holding). Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел әрекет ететін шұғыл қызметтерге қоңырау шалу кезінде абоненттердің орналасқан жерін анықтауға арналған LifeSignal сервисін құрды.

Премьер-министр, сонымен қатар, цифрлық шешімдер көрмесінің экспозициясымен танысты, онда отандық IT-компаниялар мен стартап иелері өз әзірлемелерін ұсынды.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Олар – IT-компаниялар: Shai PRO – интеллектуалды өнімдер мен ЖИ негізіндегі шешімдердің экожүйесі; Best Vision Technologies – өнеркәсіптік тәуекелдерді анықтауға және өндірістік процестерді қашықтан басқаруға арналған ЖИ платформасы; Axellero – күнделікті міндеттерді автоматтандыратын және бизнестің тиімділігін арттыратын ЖИ агенттерін құруға арналған платформа; Qalan – мектептер мен EdTech жобаларына арналған онлайн білім беру платформасы; Rеcado – мұнай-газ саласына арналған ЖИ негізіндегі шешімдер және Jet – көлік пен техниканы қысқа мерзімді жалға алуға арналған шеринг-суперапп.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Стартап-компаниялар: Paidax – бөлшек инвесторларға арналған инвестициялық платформа; PocketDot – көру қабілеті бұзылған адамдар үшін Брайльдің алғашқы магниттік интерфейсі; Defect AI – өндірістік ақауларды автоматты түрде анықтауға арналған ЖИ жүйесі; Protector AI – мектептерде, балабақшаларда және әлеуметтік мекемелерде зорлық-зомбылықты, қорқытуды және қақтығыстарды автоматты түрде анықтауға арналған бейне талдау жүйесі; Esep AI – энергия тұтынуды талдау жүйесі; Trust Exam – онлайн емтихандарды автоматтандыру және мониторинг жасау ЖИ-платформасы; Biometric Vision – биометриялық сәйкестендіру және KYC-сервис (ағылшынша Know Your Customer – «Өз клиентіңді біл») технологиялары; Mirai Tech – сенсорлық технологияларға, биомеханикаға және деректерге негізделген интеллектуалды мониторинг және талдау жүйелері.

Олжас Бектенов: Президенттің бастамалары Қазақстанның келесі технологиялық серпілісіне бағытталған
Фото: Үкімет

Іс-шара әлемнің 30-дан астам елінен келген инвесторлардың, сарапшылардың, стартаптар мен IT-компаниялардың өкілдерінен тұратын 30 мыңнан астам қатысушының басын біріктірді.

Соңғы жаңалықтар