Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM - Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады
Фото: Үкімет

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Осыған дейін Үкіметтің 2027 жылға қарай статистикалық есептердің санын 50% қысқартатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар