Олжас Бектенов тариф саясаты туралы: Бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы ырықтандыру саясаты қалай іске асатынын айтты.

Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Фото: akorda.kz

- Экономиканың қаржыландыру көлемі үлкен секторларында бағаны шамадан тыс мемлекеттік реттеу бұл міндетті қиындата түсіп, инвеститициялық әлеуетті төмендетіп отыр. Үкімет жанар-жағармай материалдары мен газ бағасын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және теміржол тасымалы салаларындағы тарифтерді кезең-кезеңмен ырықтандыруда бастады, - деді ол.

Премьер-министр нарықтық баға саясатына көшудің артықшылықтарына да тоқталды.

- Біртіндеп нарықтық баға саясатына көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартуға және жанармай тапшылығының алдын алуға мүмкіндік береді. Біз бағаның күрт қымбаттауына жол бермейміз. Осыны баса айтқым келеді, - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар