Олжас Құдайбергенов: Ішкі инвесторларды ауқымды жобаларға тарту қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Жолдауындағы ұлттық экономиканың көлемін 2029 жылға дейін екі есе арттыру туралы тапсырманы қалай іске асыруға болады? Экономист Олжас Құдайбергенов Jibek Joly арнасының JJ-Talk бағдарламасында осы сұрақ төңірегінде ой өрбітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ұлттық экономиканың көлемін екі есе арттырып, 450 млрд долларға жеткізу қажеттігін айтқан болатын.

Олжас Құдайбергеновтің пайымынша, бұл межені бағындыруға ел экономикасының қауқары жетеді. Тек ол үшін инвестициялық саясатты сауатты ұйымдастыру керек.

«Негізі экономикада ақша көп. Мысалы, біздегі бюджеттің көлемі 25 трлн теңге болса, оның тапшылығы – 3,5 трлн теңге. Бірақ, қазір ол Ұлттық қор арқылы жабылады. Сомамен айтқанда, 3,5 трлн теңге деген өте үлкен болып көрінеді. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі - 2,5 пайыз. Норматив бойынша бюджет тапшылығының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 3 пайыздан аспау керек. Одан төмен болса, ол проблема емес. Сондықтан, ақша жоқ деп айтуға келмейді», - дейді сарапшы.

Экономист ауқымды жобаларға сырттан инвестор іздей бермей, іштегі әлеуетті инвесторларға оңтайлы шарттар ұсынуға болатынын айтады.

«Әрине, экономикадағы ақша ауқымды жобаларға жетпеуі мүмкін. Ондай кезде инвесторлар тарту керек немесе сырттан несие әкелуге болады. Негізі экономикада ақша көп. Өзіміздің ішкі инвесторалымыз бар. Соларға дұрыс шарттар белгіленсе, ауқымды жобаларға ақшасын салар еді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар