Олжас Құдайбергенов Ұлттық қордан трансферттер алуды доғарудың нақты жолдарын атады
АСТАНА. KAZINFORM – Экономист Олжас Құдайбергенов Ұлттық қордан трансферттер алуды доғарудың нақты жолдарын атады.

«Бюджет тапшылығы тақырыбы жиі жазылғанымен көбіне біржақты болып келеді. Тіпті экономикалық басылымдардың өзінде жан-жақты әрі толыққанды сараптама жоқ. Дегенмен, қоғамда мұндай талқылаулардың жүруі және оның ел үшін тікелей салдарының болмауы бір мәселе. Ал оның мемлекеттік басқару жүйесі ішінде жүруі басқа мәселе. Бюджет тапшылығы алғаш рет 1 трлн теңгеге жеткен 2013 жылға дейін нақты цифрлар қолайлы сияқты көрінетін. Алайда, ол кезде жалпы ішкі өнім не бәрі 35 трлн теңге болса, 2023 жылы ол 120 трлн теңгеден асып түсті. Соған сай бюджет тапшылығы да 2,8 трлн теңгеге дейін артты. Динамика сақталған жағдайда 2029 жылға қарай мемлекеттік бюджет тапшылығы 7 трлн теңгеге жетеді. Бұл құрғақ цифрлар және триллиондар жайлы сөз болғанда біршама қауіпті көрінеді. Дегенмен, түрлі қырынан қарастырып көрейік», - деп жазды ол Facebook парақшасында.
Осы орайда экономист ең алдымен ЖІӨ-ге бюджет тапшылығы арақатынасын қарастырады.
«2,8 трлн теңгені 120 трлн теңгеге бөліп, 2,3 пайыз аламыз. Іс жүзінде бұл 3 пайыздан төмен. Бұл көптеген елдегі норматив. Бірақ, әрине нормативтен де ауытқуға болады. Кейбірі заңнамалық тұрғыда лимит бекітеді. ЖІӨ-нің 10 пайыз деңгейі қауіпті саналады. Дегенмен, бұл орайда да барлығы ЖІӨ-ге бюджет тапшылығының арақатынасына байланысты болмақ. Қазақстанда мемлекеттік бюджет 2023 жылы 26,8 трлн теңгені немесе шамамен 22,3 пайызды құрады. Дамыған елдерде арақатынас ЖІӨ-ден 40-60 пайыз (салық жүктемесі 2,3 есе жоғары) шегінде ауытқиды. Сондықтан олар өздері үшін қауіпті шекті 10 пайыз деп белгілей алады. Ал бізде ол шындап келгенде бюджеттің жартысына тек. Сондықтан біздің қауіпті шек – 5 пайыз. Иә, біз үшін базалық норматив те 3 пайыздан 2 пайызға өзгергені жөн сияқты. Және де осы тұрғыдан алғанда біз қазірдің өзінде нормативтен асып отырмыз», - деді Олжас Құдайбергенов.
Оның дерегінше, бюджет шығыстары 26,8 трлн теңге болғандағы кіріс көлемі 24 трлн теңгеге тең. Аталған қаражаттың 4 трлн теңгесін Ұлттық бюджеттен бөлінетін трансферттер құрайды. Ал егер бастапқы тапшылықтың классикалық формуласын (шығыстардан салық түсімдерін алып тастаған кезде) алсақ, онда тапшылық 6,8 трлн теңге немесе шамамен 5,8 пайыз болады. Бұл да 5 пайыздық қауіпті деңгейден асып кетеді. Мұндай кезде қорқынышты бола түседі. 2023 жылы Ұлттық қор активтері 55 млрд-тан 60 млрд долларға дейін артты. Сонымен қатар трансферттер де Ұлттық қордың еселене түсуіне мүмкіндік беретіндей деңгейде тұр. Алайда, Ұлттық қордан трансферттер алынбаған жағдайда оның активтері 70 млрд долларға дейін артар еді. Жалпы, бюджет тапшылығы мүлдем болмаған кезде Ұлттық қордың жыл сайын 15-20 млрд долларға артып отыруға мүмкіндігі бар.
«Ал еліміздегі бюджет тапшылығы жасанды болса жағдай не болмақ? Бізге қарағанда мұнайда көп ендіретін елдер де баршылық. Бірақ, оларда Ұлттық қор жоқ. Шикізаттық сектордан алынатын салықтың бәрі бірден бюджетке түседі. Мұндай болған кезде біздегі бюджет бірден артылып шыға келеді. Ешқандай бюджет тапшылығы болмайды. Ұзақ уақытша аралықта экономикадан ресурстарды алып, АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына төмен пайызбен салудың мүдем логикалық мәні болмай қалады. Және де жинақ логикасына сүйене отырып, Ұлттық қор дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары саналатын өтімділігі жоғары тәуекелсіз активтерге инвестициялады. Парадигманың ауысуы (төмен мөлшерлемелер дәуірі өтті, қазір жоғары мөлшерлемелер ұзақ уақытқа қайтып келген сияқты) да өз әсерін тигізді - 3-4 жыл бұрын сатып алынған облигациялар арзандап, 2022 жылы Ұлттық қорға шығын әкелді. Әрине, олар 2023 жылы өтелді. Бірақ, тұтастай алғанда, мемлекеттік облигацияларға салу айтарлықтай тәуекелсіз емес. Дегенмен, еліміздің қазіргі қаржы құрылымы Ұлттық қордан бас тартуды халықаралық қаржы ұйымдары мен рейтингтік құрылымдар теріс қабылдайтындай қалыптастырылған. Екінші жағынан, бізге шикізаттық табысқа сенуге болмайтын қаржылық тәртіп қажет. Өйткені, осы уақытта жаңа кен орындарына геологиялық барлау мен өндіру жаппай жүргізілмесе, онда алдағы 20-30 жылда олар шынымен де күрт төмендейді. Ұлттық қордың сол уақытқа дейін жинақталған қаражаты көп көмектесетініне сенімді емеспін. Бірақ Ұлттық қорға қаражат алу әлі де реттеледі. Сондықтан Ұлттық қордың болғаны жөн», - деді экономист.
Осы ретте Олжас Құдайбергенов «Ұлттық қордан кемінде стандартты трансферт болған жағдайда бюджет тапшылығынан арылуға бола ма, жалпы Ұлттық қордан қалай бас тартқан жөн, оны қалай жасауға болады?» деген сауалдар туындайтындығын атап өтеді. Сонымен қатар оның шешімінің мынадай бірнеше жолын атайды:
1. Самұрық-Қазынадан дивиденттер.
«2023 жылы Самұрық-Қазынаның таза табысы 1,9 трлн теңгені құрады. Мұның үстіне 238 млрд теңге дивидент аударылды. Ал егер әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырын қосар болса,қ онда цифр 460 млрд теңгеге дейін жетеді. Айта кетерлігі, бұл сома 2022 жыдғы көрсеткіштен 1,5 есе көп және тарихи рекорд саналады. Бұған қоса, Самұрық-Қазына 16 трлн теңге теңге түсім алған кезде 3 трлн теңге таза табыс пен 1,5 трлн теңге дивидент бере алады. Басқаша айтар болсақ, бюджет тіпті ауқымды экономикалық реформалар жүргізбей-ақ 1 трлн теңге артық қаражат алады», - деді ол.
2. Бюджет шығыстары.
«2023 жылы шығыстар 26,8 трлн теңгені құрады. Шамамен 70 пайызы – бұл қарапайым операциялық бюджет, ал 30 пайызы (немесе 8 трлн теңгеге жуығы) – бұл даму бюджеті. Бұл жерде кілтипан бар – бюджет шығыстарн қысқартуға болмайды, яғни, әдетте бюджет шығыстарының қысқартылуы ЖІӨ-нің қысқаруына алып келеді», - деді Олжас Құдайбергенов.
Сондықтан оның атап өтуінше, әкімшілеуді мынадай шаралармен дһұрыс жүргізген жөн:
- стандарттарды сақтау (жолдары сапалы салу немесе құбырларды жолды салғанға дейін төсеу, жол жиектастарын сирек ауыстыру және т.б.). Мұның тиімділігі – 0,5-ден 1 трлн теңгеге дейін;
- импортты, әсіресе дәрі-дәрмекті сатып алу кезінде елдің жеңілдіктерге қол жеткізу. Мұның тиімділігі – 0,5-ден 1 трлн теңгеге дейін;
- қажетсіз шығыстарды ауыстыру (форумдар, ескерткіштер, имидждік іс-шаралар және басқалары). Мұның тиімділігі – 100-ден 300 млрд теңгеге дейін;
Бюджеттік бюрократияны жою және экономикалық мультипликатор толыққанжы жұмыс істеуі үшін кассалық алшақтықты қаржыландыруға арналған бизнес шығыстарын қысқарту масақытнда бюджеттен тыс бастамаларды жедел қаржыландыру. Мұның тиімділігі – 1-ден 2 трлн теңгеге дейін.
3. Шынайы қазақстандық қамту.
«Жер қойнауын пайдаланушылар, әсіресе, шетелдіктер «ел ішіндегі құндылық» деген сияқты әдемі сөздерге ерік бергенімен, шын мәнінде, олар көбірек айтқан сайын, сол құндылықтарға мән бере бермейді. Қазір жергілікті қамтудың нақты үлесін 50 пайыз деңгейінде қалағанымызбен шын мәнінде 10-15 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өздері де нақты жергілікті қамтуды (мысалы, жиһаз, әскери киім және басқалары шын мәнінде шетелде жасалады) көрсекені жөн. Оған қоса, ешнәрсе өндірмейтін және тек импорттаумен айналысатындар біраздан бері алған өнеркәсіптік сертификат тұжырымдамасын қайта қарау керек. Бұл бағыт жұмыс дұрыс жүргізілсе, бюджетке қосымша 1-3 трлн теңге түседі», - деді ол.
4. ТКШ секторын ырықтандыру және жаңғырту
Сарапшының айтуынша, бұл бағытта инвестицияның орнына ұзақмерзімді тарифтерді белгілеу елге келетін инвестиция көлемін күрт арттырып қана қоймай жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар салық түсімдері 1-ден 2 трлн теңгеге дейін артады. Бұған қоса, ырықтандыру ауқымына байланысты кросссубсидиялауға арналған бюджет шығыстары төмендейді.
5. Көлегейлі экономика
Оның пайымынша, ЖІӨ-нің 30 және жалақы қорының 50 пайызы көлегейде жатыр. Бұл сектордағы шынайы реформаның болмауы елді адал азаматттарға салық жүктемесін арттыруға итермелеп отыр. Жалақысын таза алатын адамдарға 1-2 пайызбен ипотека берген жағдайда көлегейлі жалақы бірден жойылады. Бұл ретте ӘСМҚ, МӘМС, БЖЗҚ қорлары толығып, атаулы әлеуметтік көмекке, баспана бағдарламасына және басқаларына арналған бюджет шығыстары қысқарады. Қосымша салық түсімдері 1-ден 2 трлн теңгеге дейін жетіп, шығыстар 0,5-тен 1 трлн теңгеге дейін қысқарады.
Қорытындысында бюджет кірісі 5 трлн теңгеге өсіп, ал шығысы 2,1 трлн теңгеге қысарады, яғни 7,1 трлн теңге пайда болады. Бұл қаражат 2023 жылғы 2,8 трлн трлн теңге мөлшерінде бюджет тапшылығын толығымен жауып қоймай Ұлттық қордан трансферт түрінде 4 трлн теңге алудың жолын кеседі. Мұның үстіне жаратылмаған 300 млрд теңге артық қаражат қалады. Оны мемлекеттік қарызды өтеуге және оған қызмет көрсету шығыстарын қысқартуға жұмсауға болады.
Егер осының барлығы жасалса, онда Ұлттық қор жылына 15-20 млрд долларға емес, 30-40 млрд долларға өседі. Өйткені жергілікті қамту дұрыс болған жағдайында импорт азаяды. Ал дұрыс экономикалық саясат пен бюрократияны жоюдың екінші әсері бизнеске шығындар мен тауарлардың өзіндік құны мен бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан үнемі сауда профициті бар ел. Дәл осы жайт шындап келгенде бюджеттің артылуына да болуына септігін тигізе алады. Нақтырақ айтқанда, бюджет тапшылығының мұндай жағдайында жасауға тырысу қажет. Әлемде ресурстарының жоқтығына қарамастан ең алдымен тұрақты сауда профицитіне, ал одан кейін бюджеттің тұрақты артылуына жағдай жасаған елдер бар. Түптеп келгенде, бүгіннен бастасақ, алдағы 3-5 жылдың ішінде Қазақстанның аталған тізімге кіруіне мүмкіндік жасауға болады», - деді Олжас Құдайбергенов.