Олжас Құрманбек Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды

Олжас Құрманбек Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Фото: Абай облысы әкімдігінен

СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Олжас Құрманбек тағайындалды.

Олжас Құрманбекұлы 1986 жылы 23 наурызда дүниеге келген. 2008 жылы ҚазГЗУ Алматы заң академиясында «Құқықтану» мамандығын, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Менеджмент» мамандығын, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған. Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі бар. Францияның Париж қаласында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы болып бастаған. Астана қаласында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі заң басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2021-2022 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы болды.

Осыған дейін дейін Алматы қаласы әкімі аппараты аумақтық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарған.

Соңғы жаңалықтар