14:07, 17 Қараша 2018 | GMT +5
Олжас Оразалыұлы парадзюдодан әлем чемпионы атанды
ЛИССАБОН. ҚазАқпарат - Лиссабонда өтіп жатқан Парадзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Олжас Оразалыұлы 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Ол алғашқы белдесуінде испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді.
Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Жараевты жеңсе, финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медаль салды,