Оман Қазақстанға Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасарлары Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі Ибрагим Әл-Эйсеримен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматтарын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі
Фото: primeminister.kz

Ибрагим Әл-Эйсери Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия аймағына, атап айтқанда, логистика саласына инвестиция салуға қызығушылық танытатынын атап өтті. 

Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оман инвестициялық банкінің (OIB) өкілі
Фото: primeminister.kz

Тараптар Оман банкінің Қазақстандағы ресми өкілдігін ашу мәселесін қарастырды. 

Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оманның Инвестициялық банкі өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Оман делегациясы Қазақстанға Парсы шығанағы, ОА және Кавказ елдерінің макроөңірлері арасындағы экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында Орталық Азия тікелей инвестициялар қорын құруда серіктес болуды ұсынды. 

Қанат Бозымбаев пен Серік Жұманғарин Оманның Инвестициялық банкі өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Кездесу Оманның Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаиди мырзаның Қазақстанға ресми сапары және Астанада өтетін Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының 1-отырысы қарсаңында өтті.

Өңірлік саясат жобалық кеңсесінің бірінші отырысы вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар