Оманда су тасқыны салдарынан зардап шеккендердің саны артты
АСТАНА. KAZINFORM – Оманда су тасқыны cалдарынан қаза тапқандар саны 4 адамға жетті, олардың үшеуі – балалар. Араб сұлтанатында дүйсенбі күні толассыз жауған жаңбыр бірнеше күн бойы жалғасып, су тасқынына әкелді. Өзендер арнасынан тасып, негізгі жолдарды су басты, ондаған кент сыртқы әлемнен ажырап қалды, деп хабарлайды Еuronews.
Ақыры жүргізушілер бірінен соң бірі су торынан шыға бастады. Оман полициясының көмегімен олар қатты жаңбыр мен бұршақ кезінде апат аймағынан шығып кетті.
Бірақ бәрі бірдей сәтті бола қойған жоқ. Кем дегенде 100 адамды көліктерінен джип пен қайықтардың көмегімен эвакуациялауға тура келді.
Оман билігі отандастарын үйлерінен шықпауын сұрады. Елде дүйсенбі демалыс күні деп жарияланып, мектептер мен кеңселер жабылды.
Дауыл апта ортасында басылғанымен, ел астанасы Маскаттағы әлемге әйгілі Мутрах Соук базары сәрсенбіде әлі де су астында қалып тұрды.