Оманда жол апатынан Қазақстанның төрт азаматы зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Оманда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен төрт азаматқа консулдық көмек көрсетіп жатыр. 

ҚР СІМ
Фото: ҚР СІМ

Жол апаты 15 қарашада Салала қаласында болған. Онда Қазақстан азаматтары демалып жүрген.

Көлікке төрт адам — әжесі, атасы, олардың қызы мен кәмелетке толмаған немересі мінген. Барлығы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтарға консулдық көмек көрсетіп, оларды емдеп жатқан дәрігерлермен байланыста.

— Қазіргі уақытта азаматтарымызды Қазақстанға қайтару мәселесі шешіліп жатыр. Жағдай ҚР Сыртқы істер министрлігінің бақылауында, — деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Үндістанда жол апатынан бір отбасының тоғыз мүшесі қаза тапқанын хабарлағанбыз.