08:36, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Омбыда ШЫҰ жас көшбасшылары бас қосады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Омбыда халықаралық оқиға - Шанхай достастық ұйымы елдері жас көшбасшыларының форумы өтеді, деп хабарлады Омбы облыстық телевидениесі.

Халықаралық форум аясында қыркүйекте Омбыға Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің жас көшбасшылары барады. Съезге 150-дан астам адам қатысады, оның ішінде Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің өкілдері бар.
19-23 қыркүйекте өтетін форум кезінде тыңдаушыларға арналған көптеген тренингтер, шеберлік сыныптары, дәрістер өтеді. Мысалы, «ШЫҰ институттары жұмыстарына жастардың қатысу мүмкіндіктері мен перспективалары» тақырыбы қамтылған. Омбының 300 жылдығын мерекелеу қарсаңында халықаралық ауқымдағы ірі оқиғаны өткізу бастамасын өңір басшысы Виктор Назаров қолдады.