Өмірзақ Өзбеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Жер ресурстарын басқару агенттігінің бұрынғы басшысы Өмірзақ Өзбеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
None
None

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

"10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң мерзімдегі түзеу колониясында өтейді. Оның өзіне тиесілі және әйелімен отбасылық өмірде жинаған дүние-мүлкі тәркіленеді», - деді үкімді жария еткен Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мейрам Жанғұттинов.

Ө. Өзбековтың қол астында қызмет еткен Бақытбек Нақыпбеков те 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші орынбасары Амангелді Жампейісов қатаң жазадан құтылды. Ол сотталғанымен кейін рақымшылыққа ілініп, босатылған. Соттың пікірінше, сотталушылар мемлекет қазынасынан қаржы жымқырған. Олар енді бір миллиард теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс.

Қылмыстық іс екі жыл бұрын қозғалған болатын. Жер ресурстарын басқару агенттігі басшыларына Каспий теңізіндегі қазақстандық сектордың картасын құруға бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылған еді. Кейін шенеуніктер мемлекеттің миллиондаған қаржысын жалған кәсіпорындарға аударып, қолма-қол ақша түрінде алғандары анықталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум