Өмір – өзен: Астанада Мұхтар Шахановтың кеші өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Nazarbayev University-де ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті.

Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Аталған кешті NU Poetry клубы ұйымдастырған. Шара барысында кеш қонақтары ақынның өлеңдерін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Оған қоса NU оркестрі ақынның «Өмір — өзен» әнін орындады. Сонымен қатар ақынның қолтаңбасы қойылған кітаптары сатылды.

Мұхтар Шаханов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Айта кету керек, 2 шілдеде Мұхтар Шаханов 83 жасқа толды. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жолғы кездесуді өткізудің мақсаты — Назарбаев университетінің студенттерін Мұхтар Шахановтың шығармашылығымен таныстыру.

Мұхтар Шаханов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Мұхтар Шаханов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Ақынмен кездесу поэзия клубының түлектері мен кеш қонақтары ақынның өлеңдерін оқумен басталды.

Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов — қазақ әдебиеті мен қоғам өміріндегі басты тұлғалардың бірі. 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол өзінің бүкіл шығармашылық жолында әдеби қызметті белсенді азаматтық ұстаныммен ұштастырды. Ол 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен Арал теңізінің экологиялық мәселелерін қамтитын ондаған поэзиялық жинақтар, очерктер мен публицистикалық шығармалар жазды.

Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
Назарбаев университетінде Мұхтар Шахановтың шығармашылық кеші өтті
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Назарбаев университетінің профессоры, Ұлттық мәдениет орталығының жетекшісі Құрман Гүлтастың айтуынша, бүгін Назарбаев университетінде ерекше күн. Себебі көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов аталған оқу орнына қонаққа келді. Ал, студенттер үшін аңыз адамды көзбен көріп, дауысын құлағымен естудің бірегей мүмкіндігі туды. Ол тамаша ақын ғана емес, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін 70-жылдары қазақ әдебиетіне жаңа тыныс беріп, Аралды сақтап қалу үшін күресіп, әділеттің үніне айналған тұлға. Мұндай тұлғамен кездесудің құндылығы, жастарға тағылымы өте зор.

Соңғы жаңалықтар