Омск-Майқапшағай трассасында жол апатында бір адам мерт болып, тағы үшеуі жарақаттанды

ӨСКЕМЕН. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше кешке Омск-Майқапшағай автожолында Суық Бұлақ ауылының маңында «Тойота-Камридің» 22 жастағы жүргізушісі ара-қашықтықты сақтамау салдарынан алда келе жатқан «Ниссан-Премьера» көлігімен соқтығысты.
None
None

Cалдарынан «Тойотада» болған 20 және 21 жастағы екі жолаушы, сондай-ақ «Ниссанның» жүргізушісі жарақаттанды. «Тойотаның» үшінші жолаушысы - 21 жастағы бойжеткен алған жарақаттардан Семей қаласының ауруханасына барар жолда көз жұмды.

Жол полициясынан мәлім еткендей, өңірде өткен тәулік ішінде үш жол апаты болды, оларда бір адам көз жұмып, алтауы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар