Он айда Арменияның экспорты 10%-ға қысқарды
ЕРЕВАН. KAZINFORM – Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында Арменияның сыртқы сауда айналымы 16,7 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.
Статистика комитетінің мәліметінше, он ай ішінде экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға азайып, 5,7 млрд долларды шамалады. Қамтылып отырған аралықта импорт көлемі 2025 жылға қарағанда 8,2%-ға артып, 10,9 млрд долларға жетті.
Еске салайық, жарты жылда Армения экономикасы 6 пайызға өсті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Арменияның Орталық банкі базалық мөлшерлемені 7 пайызға дейін көтерді.
Сонымен қатар Армения үкіметі 2027 жылы бюджет тапшылығын 3,4%-ға дейін төмендетуге ниетті.