Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ осы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Фото:ia-centr.ru