Оңдасын Оразалин өңірдегі картоп пен сәбіз бағасына қатысты пікір білдірді
Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкіміне картоп пен сәбіздің бағасы өңірде қанша екені туралы сұрақ қойылды.
«Тиісті кезеңде базарлар мен сауда орындарын уақтылы аралаймыз. Сондықтан, бағасын мен білмейді емес, білемін. Себебі әлеуметтік маңызы бар дегесін, оған да біз ықпал етуіміз керек. Шынымен қызығушылық танытып отырсаңыз, сәбіздің бағасы бізде бірнеше сауда орындарында әртүрлі. Бір қызықтыратын жағдай, орталық базарларда баға сауда орындарына қарағанда жоғары болып тұр. Сәбіз қазір 450 мен 600 теңгенің арасында. Ал картоп бағасының сәл төмендегені бар. Қазір 250-300 теңге арасында», - деді Оңдасын Оразалин.
Аталған шарада Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі қуаңшылық қаупі бар аудандардың қысқа дайындығы туралы ақпарат берген болатын.