Өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылатын индустриялық жобалардың пулы жасақталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласына талдау жасалып, алда жүзеге асырылатын индустриялық жобалардың пулы жасақталды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңдеу өнеркәсібіндегі қазіргі мүмкіндіктер мен даму перспективалары зерделенді. Талдау ішкі нарықта импортты алмастыру мүмкіндігі және экспорттық әлеуетті арттыру перспективаларын ескере отырып жүргізілді. Сондай-ақ, шикізат базасы, кадр тапшылығы және инфрақұрылымның (газ, электр қуаты, логистика) болуы есепке алынды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің желісі бойынша елдегі барлық импортқа талдау жасалды», - деді Қайырбек Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр келтірген статистика бойынша, импорттың жалпы сомасы - 38,4 млрд. АҚШ доллары.

«Біз барлық өңірлік әкімдіктерімен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулын қалыптастырдық. Осылайша, 131,2 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 20 трлн. теңге болатын 700-ден астам индустриялық жобаның тізбесі анықталды. Жобалар 4 санатқа бөлінген. Атап айтқанда, биыл іске қосылатын жобалар, іске асырылып жатқан, пысықталып жатқан және перспективалық жобалар», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар